Елбасы әнші Димаш Құдайбергенов және режиссер Ақан Сатаевты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы әнші Димаш Құдайбергенов және режиссер Ақан Сатаевты қабылдады

26.04.2017

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның шығармашыл жастарымен кездесті. Елбасы танымал әнші Димаш Құдайбергенов және режиссер Ақан Сатаевты қабылдады. Президент әңгіме барысында Димаш Құдайбергеновті Қытайда өткен халықаралық байқаудағы жеңісімен құттықтап, оған бақ-береке және зор шығармашылық табыс тіледі. Ал Ақан Сатаев Қазақстан Президентіне өзінің жоспарлары жөнінде айтты. Нұрсұлтан Назарбаев кинотуындылар түсірерде қазақ ұлтының қалыптасуы, Тәуелсіз Қазақстанның жаңа елордасының салынуы жөніндегі тақырыптардың өзекті екенін ескеру қажеттігін атап өтті. Кездесу соңында Қазақстан Президенті еліміздің жас дарындарына  батасын берді.

Хабарламаларға жазылу