Елордада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

08.09.2015
Елордада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері және Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының қолдауымен 9 қыркүйек күні «Жастар» сарайында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Аталмыш іс-шараға жоғары және кәсіби-техникалық білім беру мекемелерінің түлектері, жұмыссыз жастар қатысады. Жәрмеңке сағат 10:00-14:00 аралығында өтеді. Іс-шара барысында 50-ден астам бос жұмыс орны ұсынылады.  

Жәрмеңке барысында жас түлектер бос жұмыс орындары бойынша қажетті ақпарат алып, дипломдарына сәйкес жұмыс табуға мүмкіндік алады. Жұмыс берушілер - үміткерлерінің іскерлік қасиеттеріне баға беріп, жұмысқа жас мамандарды тартады. 

Аталмыш маңызды іс-шара жастар арасында жұмыссыздықтың азаюына септігін тигізеді.  

Хабарламаларға жазылу