Кездесу барысында екі елдің қорғаныс ведомстваларының өкілдері қорғаныс пен қауіпсіздік, бітімгершілік, әскери білім саласындағы ынтымақтастық, арнайы мақсаттағы бөлімшелерді даярлау, сондай-ақ бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтудың маңызды мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.
«Америка Құрама Штаттары заңсыз қарулы құрылымдарға қарсы арнайы операцияларды жүргізуде үлкен тәжірибе жинақтады. Бұл Қазақстан Қарулы Күштері үшін көкейкесті болып табылады», - деді ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов.
Жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің қазіргі заманғы жағдайларында арнайы операциялар күштерінің рөлі мен мәні анағұрлым өсті, оларды қолдану қызметі кеңейді. Осыған байланысты, арнайы мақсаттағы бөлімшелердің әлеуетін арттыру Қазақстан Қарулы Күштерін дамытудың күн тәртібінде тұр.
Одан басқа, тараптар қазақстандық әскери қызметшілердің АҚШ-тың әскери оқу орындарында оқуын, америкалық әскери білім беру мекемелерінің Қазақстанның жоғары оқу орындарымен ынтымақтастығын, сондай-ақ тәжірибе жинақтау мен оқытудың заманауи әдіснамаларын талқыға салды.