Бір тәулікте Жерорта теңізінен 4 мыңнан астам мигрант құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бір тәулікте Жерорта теңізінен 4 мыңнан астам мигрант құтқарылды

24.08.2015
Бір тәулікте Жерорта теңізінен 4 мыңнан астам мигрант құтқарылды

Құтқару операциясына италиялық, норвегиялық және ирландиялық кемелер қатысқан.

Халықаралық көші-қон ұйымының мәліметтерінше, биылғы жылы түрлі қақтығыстар болып жатқан елдерден қашып, Еуропаға жетпек болған 2 мыңнан астам адам мерт болған.     

Тек шілде айында ғана, Грецияға Сирия, Ирак, Ауғанстан мен Сербия елдеріндегі шиеленістерден қашып, 50 мыңға жуық босқындар келген. Мигранттар көбіне Батыс Еуропа  елдеріне, Греция, Македония және Сербияға ұмтылады, деп жазады news.bigmir.net.

Хабарламаларға жазылу