Қазақстандық әскерилер «Танк биатлоны-2015» байқауының финалына шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық әскерилер «Танк биатлоны-2015» байқауының финалына шықты

15.08.2015
Қазақстандық  әскерилер «Танк биатлоны-2015» байқауының финалына шықты

Қазақстан Құрлық әскерлерінің танк экипаждары «Танк биатлоны-2015» байқауының финалына шықты.

«Эстафета» жарысын Қазақстанның танкистері қызыл, ал, үндістандықтар - жасыл, сербиялықтар - көк және армениялықтар – сары танкпен бастады.

«Жарыс нәтижелері бойынша Қазақстан, Ресей, Қытай және Сербияның танкистері финалға шықты», - дейді жарыстың бас қазысы генерал-майор Евгений Поплавский.

Эстафетаның ережесіне сәйкес, бір танк төрт шақырымды үш мәрте айналып өтеді. Жалпы, әр топ сайыс бойынша тоғыз рет айналып өтуі немесе 36 шақырым жасауы тиіс.

Көрсеткіштер:

Қазақстан: 78 минут 18 секунд;

Ресей: 73 минут 30 секунд;

Қытай: 77 минут 32 секунд;

Сербия: 83 минут 23 секунд.

 «Танк биатлоны» байқауының финалы 15 тамызда өтеді. Жеребе нәтижесі бойынша, Қазақстан Қарулы Күштерінің танкистері төртінші жолда сары танкпен бастайды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу