Қазақстандық әскерилер «Алабино» полигонында өтетін «Танк биатлоны-2015» жарысына қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық әскерилер «Алабино» полигонында өтетін «Танк биатлоны-2015» жарысына қатысады

28.07.2015
Қазақстандық әскерилер «Алабино» полигонында өтетін «Танк биатлоны-2015» жарысына қатысады

Қазақстандық танкішілер Ресейдің «Алабино» оқу-жаттығу орталығында өтетін «Танк биатлоны-2015» жарысына қатысады.

 «Дәстүр бойынша экипаждар әртүрлі түстегі танктерде шеберлік сынайды. Жеребе бойынша командамыз биылғы жылы жасыл танктерде төртінші болып шығады» - деді ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары Әмір Халиков.

«Танк биатлоны-2015» халықаралық жарысы тамыздың 1-і мен 15-і аралығында өтеді.

Оған 13 мемлекеттің Қарулы Күштерінің танк экипаждары қатысады. Оның ішінде Тәжікстан мен Никарагуаның әскери қызметшілері сайысқа алғаш рет қатыспақ.  

Айта кетсек, Қазақстан өткен жылы жалпыкомандалық сынақта екінші орынды иеленген. 

Хабарламаларға жазылу