Қазақстандық танкішілер «Танк биатлоны-2015» жарысына қатысуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық танкішілер «Танк биатлоны-2015» жарысына қатысуда

03.08.2015
Қазақстандық танкішілер «Танк биатлоны-2015» жарысына қатысуда

Бүгін қазақстандық танк экипаждары «Танк биатлоны-2015» сайысында бірінші сыннан өтеді. Біздің танкішілерді жеке жарыс 7 шақырымнан тұратын үш айналым күтіп тұр. Жарысқа әр елден Т-72 танкісінде бір-бір экипаждан қатысады, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.

«Ресей тарапымен барлық қатысушыларға ұсынылған танктер су жаңа. Биылғы жылы танк биатлонының тасжолы біршама күрделенді, ережелер күшейтілді. Бірақ, мұның барлығы күресті анағұрлым қызығырақ етіп, жеңіске деген ұмтылыс береді. Біз соңғы тексерулер мен дайындықтарды өткізіп жатырмыз. Экипаждар толық әзірлікте, сақадай сай», - деді «Алабино» полигонынан ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Әмір Халиков.

Жарыста қазақстандық танкішілермен бірге Қырғызстан мен Кувейттің танк экипаждары өнер көрсетеді. «Танк биатлоны-2015» 1 тамызда «Алабино» полигонында басталғанын естеріңізге сала кетейік. Осы жылы байқауға қатысушы елдердің көп. Екі апта ішінде Қазақстан Құрлық әскерлерінің танк экипаждарына Ресей, Қытай, Үндістан, Ангола, Венесуэла, Кувейт, Моңғолия, Никарагуа, Армения, Сербия, Тәжікстан және Қырғыстанның танкішілерімен сайысуға тура келеді.

Хабарламаларға жазылу