Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар ағымы екі есеге артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар ағымы екі есеге артты

21.08.2015
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар ағымы екі есеге артты

Осыған қарай екі елдің кедендік бақылау-өткізу тіректерінде үлкен кезек түзілген. «Ақ жол» Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ең үлкен кедендік бақылау-өткізу тірегі. Бұл жерден күніне мыңдаған  адамдар мен жүздеген тонна жүктер өтіп жатады. Қазіргі таңда мұнда ұзын сонар кезек тұр, деп жазады Қырғызстанның kabarlar.org агенттігі.  


Оның басты себебі, қырғызстандық «Ақ жол» кеден бекетінің бастығы Асылбек Асанқұловтың айтуынша, балалардың мектепке баратын уақыты жақындап қалды. Сол себепті Қырзызстан базарына ағылушылар саны көп, оның үстіне жаз мезгілі де аяқталып, қалды. Соңғы мүмкіндік пайдаланып, азаматтар Қырғызстанның Ыстық көл демалыс аймағында болып қайтқылары келеді.


Осындай қиындықтарға қарамастан, азаматтар екі елдік арасында кедендік кедергі жойылған соң шекарадан өту айтарлықтай жеңілдегендігін айтуда. Олардың сөздерінше, қазіргі таңда шекарада ұзын-сонар кезек қалыптасқанымен шекарадан өту оңай, халық жылдам жүріп жатыр. Бұрынғыдай есепсіз құжат толтырудың қажет жоқ.
 

Хабарламаларға жазылу