Импрессионизм – француз тілінен аударғанда «серпілік, еркіндік, бір сәттік әсер» деген ұғымдарды береді. Жанрдың басты идеясы академиялық бағыттан, яғни реализмнен алшақтау. Бір сәттік әсер арқылы ойды жеткізу. Жанрдың бастауында Мане, Вангог, Писара секілді қылқалам өнерінің әлемдік классиктері тұр.
Бүгінде бұл жанр біздің елде де кең қанат жаюда. Ринат Елубаев импрессионистік модерн бағытында еңбектеніп жүрген суретші.
«Сурет салу – көңіл күйіме байланысты. Қазақ болғандықтан ұлттық нақыштағы дүниелерді көп салуға тырысамын. Себебі, ұлттық құндылықты насихаттауымыз керек»,-дейді суретші.
Табиғат аясында сурет салу – суретшінің басты кредосы. Ринат Елубаев көбінесе абстракциялық бағытта қалам тербейді. Оның еңбектері елімізде ғана емес, шетелдерде де жоғары бағаға ие.
Суретшінің жұмыстары шығыс пен батыстың қосындысынан туған. Қос стильдің өрнегін бір арнаға тоғыстырған суретші әуелі ашық түстерге мән береді, с ебебі, картинадағы палитра халқымыздың қоңыр мінезімен астасады.
Қылқалам шеберінің туындылары туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.