Қазақтан шыққан жалғыз ұшқыш әйел Хиуаз Доспанованың ерлігі ұрпаққа үлгі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақтан шыққан жалғыз ұшқыш әйел Хиуаз Доспанованың ерлігі ұрпаққа үлгі

22.12.2017

«Қанатты қыз» атанып кеткен қазақтан шыққан жалғыз ұшқыш әйел Хиуаз Доспанованың жерлестері Астанаға келді. Олар батырдың туғанына 95 жас толуына орай қалам тербеген жазбаларынан жинақталған кітапты таныстырды. Сондай-ақ, оны ұлықтап, ұрпақ жадына сіңіруге еңбектеніп жүрген азаматтарға алғыс айтылды. Делегация халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың есімін Атыраудағы халықаралық әуежайға беру бастамасын көтеріп жүр. Игі іске жиынға қатысқан депутаттар демеу көрсетсе деген тілектерін жеткізді. Себебі, жауынгер әйелдің ерен ерлігі тек 90-шы жылдардың соңында ғана аян бола бастаған. Ол әуеге 300 мәрте көтеріліп, жауға тойтарыс берген штурман-ұшқыш. «Яғни, Хиуаз Доспанова қазақтың қайсар қыздары Мәншүк Мәметова және Әлия Молдағұловамен қатар айтылуы тиіс», - дейді.

Қатимолла Ризуанов, Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Мен соғыста болған миллиондаған кісінің бірімін деп жүре берген қарапайым адам. Тек Баукеңнің арқасында ғана ол кісі жарыққа шығарылып тұр. Қазір Елбасымыз ол кісіге өте жоғары марапат жасады. Осыған байланысты көптеген облыста шаралар өткізіп жатырмыз. 50-60 жыл бойы үнсіз жатқан деңгейін қалпына келтіру бағытында.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу