Журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берген Премьер-Министрдің сөзінше, соңғы 15 жылда әлемдік экономикалық жағдай солай қалыптасты, экономиканың дамуының негізгі драйвері Қытай Халық Республикасы болды. Бұл ел мыс, мұнай, минералды ресурстар мен өзге де шикізат ресурстарының ең басты тұтынушысы болды. Әлемдік нарықтың 40-50 пайызы осы елдің тұтыну үлесінде болатын.
«Соңғы 15 жылда осы ресурстардың, әсіресе біздің елден тасымалдатанының бағасы тек өсіп отырды. Осының есебінен бізде қазба байлықтар мен мұнай өнеркәсібі ерекше қарқынды дамыды. Нөтижесінде әрине, біздің бюджетімізге деген түсім ауқымды болып, соның арқасында біз жалақыны көтеріп, елдегі қандай да бір мәселелерді шешіп, тиісті жұмыстарды атқарып келдік. Ал, бүгінгідей жағдайда бізге басты екі мәселені шешіп алу керек. Біріншіден, мемлекет осы кәсіпорындар үшін бәсекеге қабілетті макроэкономикалық шарттар жасауы керек. Осы шарттардың бірі жаңа несие саясаты немесе тепе-тең курс қалыптастыру болып табылады»,-деді Үкімет басшысы.
Оның айтуынша, Ресейдің соңғы 7-8 айда инфляциялық таргеттелуі жағдайында кәсіпорындар тарапынан бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ете алатын бағам қалыптастыру қажеттігі жөнінде мәселе көтеріліп келді. Енді, мемлекет оларға қосымша нарық ашып, деген сияқты қолдаулар көрсетуі қажет. Алайда, кәсіпорындардың өздерінің тарапынан да атқарылуы тиіс мәселелер жеткілікті. Біріншіден, олар еңбек өнімділігін арттыруға күш салып, жеке өздерінің өндірістерін жаңа құрылғылармен қайта қамсыздандырулары керек. Өйткені тек ескі құрылғылармен немесе курстық саясатпен ғана өмір сүру мүмкін емес. Біз міндетті түрде әлеуметтік жағынан әлжуаз топтарға қолдау көрсетеміз. Біз қысқа мерзімде кәсіпорындарға да көмек береміз. Алайда, болашақта, ұзақмерзімді перспективада кәсіпорындар өздерінің бәсекеге қабілеттіліктерін арттыруға күш салулары керек. Өйткені оларды тек бюджет есебінен қолдап отыру мүмкін емес»,-деді Кәрім Мәсімов.
Оның сөзінше, айта кететін бір мәселе, әлемде дағдарыс болып жатқанымен ол барлық жерде жүріп жатқан жоқ. Айталық, жаңа блім мен жаңа технологияларды, озық тәжірибені, біліктілігі жоғары еңбек ресурстарын қажет ететін экономика секторында дағдарыс жоқ. Сол бүшін бүгінгі біздің бағытымыз қазақстандықтардың мүмкіндіктері мен біліктіліктерін арттыруға күш салу болып табылады. Біз әрбір қазақстандық қайда жүрсе де өмір сүре алатын, бәсекеге қабілетті болуы үшін барлық жағдайларды жасаймыз, әрбір азаматтың қорғалуы үшін бәрін қолданамыз»,-деп қорытты Премьер-Минстр.