«Қазагромаркетинг» павлодарлық картоп өндірушілерге қолдау көрсетпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазагромаркетинг» павлодарлық картоп өндірушілерге қолдау көрсетпек

20.08.2015
«Қазагромаркетинг» павлодарлық картоп өндірушілерге қолдау көрсетпек

Шараның мақсаты - жергілікті картоп пен көкөністерді өндірушілерге потенциалды сатып алушылармен ұзақмерзімді әріптестік қатынастар орнату арқылы өндірілген өнімді өткізуге тәжірибелік көмек көрсету болып табылады.     

Осы шара барысында павлодарлық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің жетістіктерінің таныстырылымы өтіп, Қазақстан мен Ресейдің  іскер топтарының бизнес-кездесуі ұйымдастырылады.  

Жәрмеңкеге мемлекеттік құрылымдар мен сауда желістерінің,  супермеркеттердің, тауарлы биржалардың, ірі рыноктар мен көкөніс сақтау қоймаларының, логистикалық орталықтардың өкілдері мен инвесторлар шақырылып,  осы шараға қызығушылық танытқан  азаматтар да қатыса алады.    

«Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамының мәліметтерінше, бүгінгі таңда Павлодар облысы еліміздің суармалары жерлерінде картоп өндіріп отырған ең ірі аймақ болып табылады.  

Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің мәліметтерінше, 2014 жылы суармалы жерлерден жиналған картоп көлемі 9 015 205 центнер болды. Павлодар облысында осы көлемнің 21 пайызы өндірілген.  

 Жыл сайын елімізде суармалы жерлердің көлемі кеңейтіліп отыр. Биылғы жылы картоп егуге арналған суармалы жерлер көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2,2 гектарға немесе 16 пайызға артып отыр. Павлодар картоптары Қазақстанда да одан тыс Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан сияқты аймақтарда да сапасымен ерешеленіп отыр.

Жәрмеңке Павлодар қаласының 1-мамыр көшесінде өтеті.

  

 

 

Хабарламаларға жазылу