Отандық тұқым өндірушілерге қолдау қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық тұқым өндірушілерге қолдау қажет

10.03.2023

Қант қызылшасының аналық тұқымын өсіру үшін мемлекеттен қолдау қажет. Шаруалар субсидия бөлуді сұрайды. Тәтті түбірдің тұқымын өндіретін жалғыз шаруашылық Жетісу облысында ғана бар. Мұндағы мамандар аналық тұқымды өсіру үшін қыруар қаржы мен екі-үш жыл уақыт кетеді дейді. Субсидия бөлінсе, кәсіпорын шаруаларға қант қызылшасының тұқымын шетелдік өнімге қарағанда он есе арзан беруге әзір.

Әлен Жолдасов, серіктестік директоры:

Барлық мәселе қаражатқа келіп тіреліп отырғандықтан аналық қант қызылшасына осы уақытқа дейін субсидия төленбей келе жатыр. Ол аналық қызылшасы бір жыл, екі жыл күтіледі. Әрине сапалы тұқым жасау үшін оның тектілік генетикасы, аналық қызылшаның тектілік генетикасы дұрыс болу керек.

Жетісу шаруалары биыл 8 мың гектарға қызылша екпек. Көксу қант зауыты оларға қажет тұқымға тапсырыс беріп қойды. Өңірдегі шаруашылықтардың 95 пайызы қымбат болса да қант қызылшасының шетелдік тұқымдарын алады. Себебі екі есе өнім береді. Ауыл шаруашылығы министрлгі аналық қызылша тұқымына демеуқаржы бөлудің жолдарын енді қарастырмақ.

Дамир Егізбаев, Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы:

Аналық тұқымға келетін болсақ ең бастысы мелекет оны да субсидиялау дайын. Бірақ бұл тарапта ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан барлық шаруаларменен субсиядияның жаңа түрін, жаңа жүйесін қазір қарастырып жатыр. Осы кезде шаруалар өздері бірігіп министрлікке өз ұсыныстарын білдірсе болады.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу