Жергілікті тауар өндірушілерге мемлекет қолдау көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жергілікті тауар өндірушілерге мемлекет қолдау көрсетеді

23.12.2019

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту ішкі нарықта ғана емес, сыртқы сауда-саттықта да тиімді. Мысалы, тері мен жүннен дайындалатын бұйымдар мен көрпе-көрпешелерді, ұлттық тағам түрлерін шетелге жақсы бағамен сатуға болады. Ал мұны дайындау кез келген қыз-келіншектің қолынан келеді. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов осылай дейді. Елімізде биыл шикізаттық емес экспорт көлемі төмендеген. Былтыр өңделген өнімдер мен қызметтер экспорты 23 миллиард доллар болса, биыл 10 айда – 12,6 миллиард доллар, яғни 3,3 процентке төмен. Замануи сауда тұрмыстық инфрақұрылымды жетілдіру үшін Азия даму банкімен көтерме сауда орталықтары желісін құру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыруға оң әсер етпек. Сондай-ақ, әлемдік экономикалық жағдай сауда құрылымын өзгертуді міндеттеп отыр.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу