Павлодарлық полицейге астаналық дәрігерлер көмек көрсетпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарлық полицейге астаналық дәрігерлер көмек көрсетпек

20.02.2017
Жүк көлігі мен балалар отырған автобустың соқтығысуына жол бермеу үшін өз көлігін қалқан қылған павлодарлық полицейге астаналық дәрігерлер көмек көрсететін болады. Мұрат Нұрсейітов қазір есін жиды. Бірақ әлі де аурухананың жансақтау бөлімінде.

Себебі, дене сүйектері бірнеше жерден сынған. Оның үстіне басына тиген ауыр соққыдан алған жарақаты бар. Жылдам көмек жасалмаса асқынуы мүмкін. Сондықтан, жергілікті дәрігерлер батырға тән ерлік жасаған жігітке сапалы медициналық көмек көрсету үшін Астанадан санавиация келуін күтіп отыр.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу