Қазақстанның даму банкі енді Халықаралық несие нарықтары қауымдастығының құрамында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның даму банкі енді Халықаралық несие нарықтары қауымдастығының құрамында

18.08.2015
Қазақстанның даму банкі енді Халықаралық несие нарықтары қауымдастығының  құрамында

Аталмыш ұйымның қызметі Еуропаның, Таяу Шығыстың және Африканың бірлескен қарыздар нарықтарының тиімділігін, нақтылығын және өтімділігін арттыруға бағытталған. Бұл қадам Банкпен инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландыруды қарастырады. 

LMA мүше болу ҚДБ-ға осы қаржы құралын дамытуға байланысты кең заңдық және статистикалық деректерге қол жеткізу, сондай-ақ пайдалы іскерлік қарым-қатынастар құруға қол жеткізеді. Сонымен қатар, ҚДБ несие үдерістерінің ішкі ережелеріне өзгертулер енгізіп, «бірлескен қаржыландыру», «банктер синдикаты» сияқты жаңа ұғымдарды қарастырады. Бірлескен қарыздар есебінен қаржыландырылуға жоспарланатын жобаларды қарастыру тәртібін реттейді.

«Бірлескен несие беру жүйесі Қазақстандағы капиталды қажет ететін, техникалық және технологиялық жағынан күрделі индустриялық жобаларды қаржыландыруды жетілдіреді. Бұл қаржы құралы несие синдикаттарына қатысушы-банктерге тәуекелдерін бөлісумен қатар, жобаларға бұрынғыдан да сапалы жетекшілік ету, ал қарыз алушыларға өз кезегінде – шарттары тиімді ұзақ мерзімді қаржыландыруға қол жеткізу мүмкіндігін береді», - деді «ҚДБ» АҚ Басқарма Төрағасы Болат Жәмішев.

 

 

Хабарламаларға жазылу