Басты Жаңалықтар Н.Ермекбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесі жанындағы Сараптамалық кеңестің отырысы өтті

Н.Ермекбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесі жанындағы Сараптамалық кеңестің отырысы өтті

Н.Ермекбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесі жанындағы Сараптамалық кеңестің отырысы өтті

Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесі жанындағы Сараптамалық кеңестің «Қазақстан Республикасының көші-қон және демография саясаты» тақырыбына арналған отырысы өтті.

Отырысқа Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова, Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің және орталық мемлекеттік органдардың, Қазақстанның ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың сарапшылары қатысты.

Шара барысында сыртқы және ішкі көші-қон, демографиялық саясат Қазақстанның тұрақты дамуының маңызды факторлары екендігі атап өтілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қатысушылар Қазақстанның көші-қон және демография саясатын қалыптастыру мен оны іске асырудың тиімділігін арттыруға ғылыми, сараптамалық қолдау көрсету мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады.

Мемлекетіміздің экономикалық дамуын ескере отырып, сыртқы еңбек көші-қонын реттеу, ішкі көші-қонды оңтайландыру жөнінде арнайы ұсыныстар енгізілді.

Жұмыс қорытындысы бойынша Сараптамалық кеңес тарапынан Қауіпсіздік Кеңесі мен мемлекеттік органдар жұмысында пайдаланылатын нақты ұсыныстар берілді.

Бөлісу