«Әскери әулет» тұңғыш республикалық байқауы басталды
Тамыз айының 5-нен бастап «Әскери әулет» алғашқы республикалық байқауы басталды.
Байқау отбасылық құндылықтарды насихаттауға, қазақстандық әскери қызметшілердің отбасына демеу болуға бағытталған. Бұл туралы ҚР ҚМ баспасөз қызметі хабарлады.
Аталмыш байқауға Қарулы Күштерде қызмет еткен, ІІ Дүниежүзілік соғысқа қатысқан әкелерінің немесе туыстарының даңқты әскери дәстүрлерін жалғастыра отырып, қазіргі уақытта қазақстандық армияда қызмет етіп жүрген әскери қызметшілер қатыса алады.
ҚР Қорғаныс министрлігінің байқауына қатысуға ниет білдірушілер отбасы мүшелерінің еңбектері мен жетістіктері, жауынгерлік марапаттарын әңгімелей отырып, әскери әулет портфолиосын ұсынулары қажет.
Өтінімдер тамыз айының 5-25 аралығында қабылданады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қазақстан халқына Жолдауын қазан айында жасайтынын айтты
13.09.2026, 20:05
Елімізде қандай салаларда маман тапшы?
13.09.2026, 20:00
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-та өткен US Open жарысының жеңімпазы атанды
13.09.2026, 19:59
Президент Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады
13.09.2026, 19:57
Қытай көліктері Еуропа нарығына қалай әсер етіп жатыр?
13.09.2026, 19:55
Базалық мөлшерлемедегі өзгеріс: Ипотека нарығына әсер ете ме?
13.09.2026, 19:50
«БРИКС плюс» саммиті: Қандай мәселелер көтерілді?
13.09.2026, 19:46
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17