Қазақстан Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап-ақ азаматтық қоғамның үкіметтік емес ұйымдар деп аталатын құрылымына ерекше көңіл бөлінуіне бастады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, үкіметтік емес ұйымдардың даму деңгейі азаматтық қоғамның қаншалықты өсіп-өнгенін және елдегі демократиялық үдерістердің даму дәрежесін айқындап береді.
Үкіметтік емес ұйымдардың біздің қоғамдағы алатын орны ерекше болуы тиіс. Бұл құрылымды мемлекеттен бөліп қарауға болмайды. Оның да бүкіл қызметі мемлекеттік, халықтық мүдделермен қабысып жатады.
Елдегі бірқатар үкіметтік емес ұйымдар қызметінің нәтижесі қандай? Одан қазақ қоғамына келер пайда қайсы? Жалпы, мұндай ұйымдардың қызметіне бақылау жүргізу мүмкін бе? Бұл сауалдарға жауапты бүгін 13:10-да «Алаң» ток-шоуынан біле аласыздар.