Бүгін Алматыда ІОІ-2015 Халықаралық олимпиадасы ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Алматыда ІОІ-2015 Халықаралық олимпиадасы ашылады

27.07.2015
Бүгін Алматыда ІОІ-2015 Халықаралық олимпиадасы ашылады

Бүгін сағат 15:00-де Алматы қаласындағы  О.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында информатика пәнінен оқушылар арасындағы  XXVII Халықаралық олимпиадасының  (ІОІ-2015 International olympiad in informatics) ашылу салтанаты өтеді.

Шараға әлемнің 80 елінен 630-дан астам бала қатысады, деп күтілуде. 2 тамызға дейін жалғасатын сайыс әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің базасында өтеді.

ІОІ-2015 Халықаралық олимпиадасында  Қазақстан намысын  Данияр Маминов, Мейрамбек Өмірзақ, Бекжан Бекболатұлы және Алтыбай Назарбектер қорғайды.

Айта кетейік, ІОІ-2015 International olympiad in informatics - 1989 жылдан бастап ЮНЕСКО аясында өткізілетін оқушылар арасындағы ең беделді зияткерлік сайыс. Олимпиаданың беделі мен танылуы жағынан математика пәні бойынша халықаралық олимпиада IMO-ға тең, деп жазады Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми сайты.

Хабарламаларға жазылу