Алматыда халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталды

11.01.2019

Математика, физика және информатика пәндерінен өтетін дәстүрлі білім жарысы биыл 15-ші рет ұйымдастырылып отыр.

Жыл сайын ауқымы кеңейіп келе жатқан шараға биыл алғаш рет АҚШ пен Дания сияқты мемлекеттерден қатысушылар келді. Ал, жалпы 18 елдің үмітін арқалаған 540 оқушы бақ сынайды. Оның ашылу рәсімінде әлемнің әр қиырынан келген командалар мен халықаралық дәрежедегі қазылар алқасының мүшелері таныстырылды. Олар алдағы үш күн бойы түрлі сындар арқылы біліміне баға береді.

Алмас Күнғожин, республикалық физика-математика мектебінің директоры:

- Әр команда үш математик, екі физик және екі информатик әкеледі. Осы жеті баланың нәтижесімен командалардың рейтингі шығады.

Аманкелді СЕЙТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу