Алматыда халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталды

12.01.2018

Алматыда математика, физика және информатика пәндері бойынша халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталды.

Биыл 14-ші рет ұйымдастырылған дәстүрлі жарыстың ашылуында әлемнің әр қиырынан келген командалар мен халықаралық дәрежедегі қазылар алқасының мүшелері таныстырылды. Мамандар олимпиаданың ауқымы жыл сайын кеңейіп, маңызы артқандығын айтты. Мәселен, осы жылы қатысушылардың қатары Түркия, Иран сияқты елдермен толықты. Енді 15 мемлекеттен келген 500-ден астам оқушы бір апта бойы бақ сынайды. 

Асқар Жұмаділдаев, физика-математика ғылымдарының докторы:

- Бұл Қазақстанда ғана емес, бүкіл бұрынғы Кеңестік одақ елдері арасындағы халықаралық деңгейдегі бірден-бір олимпиада. Біздің жастарды ғылымға келтіру жағына үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу