Бүгін «Каспий теңізі-2015» бірінші халықаралық байқауы ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Каспий теңізі-2015» бірінші халықаралық байқауы ашылады

01.08.2015
Бүгін «Каспий теңізі-2015» бірінші халықаралық байқауы ашылады

 

Бүгін «Каспий теңізі-2015» бірінші халықаралық байқауы басталады. Еліміздің теңіз жаяу әскерлері «Каспий құнан жарысы» атауымен бірінші кезеңде өнер көрсетіп,  доданың шымылдығын ашады, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.

Жарыста «Сарыарқа» және «Орал» екі зымыран-артиллериялық корабльдердің экипаждары, сондай-ақ, «Батыс» ӨңҚ теңіз жаяу әскерлері бригадасының 20 әскери қызметшісі  Қазақстан намысын қорғайды.

Сайыс үш кезеңнен тұрады. Бірінші айналымда  теңіз жаяу әскерлері бөлімшелері  жарысады.

Ал,  «Каспий кубогы» кезеңіне Каспий маңы елдері Әскери-теңіз күштері суүсті корабльдерінің экипаждары қатысады. Олар берілген бағдар бойынша шеңберді айналып, шағын көлемді теңіз және әуе нысаналарын, жүзбелі миналарды жою бойынша жауынгерлік жаттығуларды орындайды.

Одан кейін корабльді зәкір тұрағына көшіруді, зәкірге қоюды, безендіру жалауларын қолдана отырып, белгілерді қабылдап, тапсырады.

Сайыс барысында  экипаждарға корабльдің  «төзу апаты» координаталары беріледі. Қатысушылар оқиға орнына келіп, жолаушыларды құтқарып,  бортқа көтеру қажет.

Үшінші – спорттық кезең. Бұл айналым әскери қызметшілердің дене даярлығының  деңгейін айқындауға бағытталған.

Айта кетейік, «Каспий теңізі-2015» бірінші халықаралық байқауы 15 тамызға дейін жалғасады.  

 

Хабарламаларға жазылу