Алматыда «Қазақстан - ата жұртым, қасиетім - ана тілім» атты халықаралық олимпиада аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Қазақстан - ата жұртым, қасиетім - ана тілім» атты халықаралық олимпиада аяқталды

24.06.2016
Алматыда «Қазақстан - ата жұртым, қасиетім - ана тілім» атты халықаралық олимпиада аяқталды

Бүгін Алматыда шетелде тұратын қазақ диаспорасы балаларының «Қазақстан - ата жұртым, қасиетім - ана тілім» атты қазақ тілі мен әдебиетінен ХІІІ Халықаралық олимпиадасы аяқталды. Үш күндік білім бәйгесіне Иран, Түркия, Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Қытай, Ресей Федерациясының Самара, Омбы және Алтай өлкесінің құрама командалары қатысты.

Жарыс соңында жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

 

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу