Ертең Алматыда ІОІ-2015 Халықаралық олимпиадасының ашылу салтанаты өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең Алматыда ІОІ-2015 Халықаралық олимпиадасының ашылу салтанаты өтеді

26.07.2015
Ертең Алматыда ІОІ-2015 Халықаралық олимпиадасының ашылу салтанаты өтеді

Ертең Алматы қаласындағы  О.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында информатика пәнінен оқушылар арасындағы  XXVII Халықаралық олимпиадасының  (ІОІ-2015 International olympiad in informatics) ашылу салтанаты өтеді.

Шараға әлемнің 80 елінен 630-дан астам бала қатысады деп күтілуде. Олимпиада  2 тамызға дейін жалғасады, деп жазады Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми сайты.

ІОІ-2015 Халықаралық олимпиадасында  Қазақстан намысын  Данияр Маминов, Мейрамбек Өмірзақ, Бекжан Бекболатұлы және Алтыбай Назарбектер қорғайды.

Шараны ұйымдастырушылар - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті.

Хабарламаларға жазылу