Бүгін сағат 15:00-де Алматы қаласындағы О.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында информатика пәнінен оқушылар арасындағы XXVII Халықаралық олимпиадасының (ІОІ-2015 International olympiad in informatics) ашылу салтанаты өтеді.
Шараға әлемнің 80 елінен 630-дан астам бала қатысады, деп күтілуде. 2 тамызға дейін жалғасатын сайыс әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің базасында өтеді.
ІОІ-2015 Халықаралық олимпиадасында Қазақстан намысын Данияр Маминов, Мейрамбек Өмірзақ, Бекжан Бекболатұлы және Алтыбай Назарбектер қорғайды.
Айта кетейік, ІОІ-2015 International olympiad in informatics - 1989 жылдан бастап ЮНЕСКО аясында өткізілетін оқушылар арасындағы ең беделді зияткерлік сайыс. Олимпиаданың беделі мен танылуы жағынан математика пәні бойынша халықаралық олимпиада IMO-ға тең, деп жазады Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми сайты.