Римдегі «Чиампино» әуежайы уақытша жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Римдегі «Чиампино» әуежайы уақытша жабылды

20.02.2019

Дәлірек айтсақ, терминалдың ұшақтарға отырғызу бөлімдері жұмыс істемей тұр. Бұған жертөле жақтан шыққан түтін себеп болған. Өрт сөндіру тобы басталып жатқан отты дереу сөндіріп үлгерді. Қазір әуежайдың ұшақтан түскен жолаушыларды қабылдайтын холы қалыпты жұмыс істеп тұр.

Ал, авиасапарларға аттануға қашан рұқсат берілетіні белгісіз. Айта кетсек, «Чиампино» әуежайын бюджеттік «Райнэйр» компаниясы пайдаланады.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу