Алматы әуежайы жұмысын уақытша тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы әуежайы жұмысын уақытша тоқтатты

14.03.2024

Алматы әуежайы қар жаууына байланысты жұмысын тоқтатты. Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты көктайғаққа қарсы жұмыстарды жүргізу уақытша мүмкін емес. Сондықтан жергілікті уақыт бойынша сағат 19.00-ден бастап Алматы әуежайы рейстердің ұшып келуі үшін жабық.


Хабарламаларға жазылу