«Өнер шежіресінде» - Асылхан Әбдірайымұлының шығармашылығы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Өнер шежіресінде» - Асылхан Әбдірайымұлының шығармашылығы

30.07.2015
«Өнер шежіресінде» - Асылхан Әбдірайымұлының шығармашылығы

Фотоөнер – ерекше қабілет пен ұшқыр қиялды талап ететін сала. Көздің жауын алатындай, биік талғамға сай сурет түсіру – екінің бірінің қолынан келе бермес машақаты мол жұмыс.

Қазақтан шыққан тұңғыш фотограф - Шәңгерей Бөкеев. Атақты классик жазушы Ғабиден Мұстафиннің ұлы Қайрат Мұстафин де қазақ  фотоөнерінің дамуына үлес қосқан тұлға.

Бүгінде қазақ  фото өнері даму үстінде. Қазақ жерінің әсем табиғаты мен көрікті орындарын осы фото өнері арқылы әлемге танытуға мүмкіндік зор. Бұл сала – туризмді дамытудың бір жолы.

Фотограф Асылхан Әбдірайымұлы Қазақ фотографиясының дамуына үлес қосып жүрген жандардың бірі.  Фотографтың шығармашылығымен таныссыз ба? Оның суреттерінің ерекшелігі неде? Бүгін 12:30-да «Өнер шежіресінен» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу