Бүгін – емші Джуна Давиташвили дүниеге келген күн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – емші Джуна Давиташвили дүниеге келген күн

22.07.2015
Бүгін – емші Джуна Давиташвили дүниеге келген күн

 

Оның бала кезінен ерекше  қасиеті болған. Сол кезден-ақ бас ауруы, жарық сырқаттарын емдеген екен.

Ростов медициналық техникумын бітірген соң Джуна  Тбилисиге жолдама алады.  Мұнда жұбайы Виктор Давиташвилимен танысады. Одан соң Цейлондағы медициналық университетте оқиды.

1980 жылы Давиташвилилер отбасы Мәскеуге көшіп келеді. Мұнда Джуна Давиташвили  емшілік қызметін жалғастырады.

Бірқатар БАҚ-тың мәліметінше,  оның қабылдауында КОКП ОК Бірінші хатшысы Леонид Брежнев, Рим Папасы Иоанн Павел II, суретші Илья Глазунов, кино актерлері Джульетта Мазина, Роберт де Ниро, Марчелло Мастроянни, кинорежиссерлер Андрей Тарковский мен Федерико Феллини сынды атақты адамдар болған. Сондай-ақ, Джуна сәуегейлікпен де айналысқан.

1990 жылы ол Мәскеуде Халықаралық баламалы ғылымдар академиясын ұйымдастырады. 1994 жылы шілде айында Коломбо ашық интернационалдық университетінің вице-канцлері қызметіне тағайындалады. Сонымен қатар, Ресей халық академиясының академигі атанады.

Джуна медицина саласындағы 13 өнертабысын патенттеген.  Ол кардиология, урология, гинекология, педиатрия және тағы да басқа ауруларды емдейтін «Джуна-1» физиотерапевтикалық биокорректор аппаратын ойлап тапқан.

Джуна Давиташвили 2015 жылы 8 маусымда дүниеден озды. 

Хабарламаларға жазылу