ҚР Қорғаныс министрі «Батыр арулар» байқауының жеңімпаздарына диплом мен естелік сыйлықтарын табыстады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Қорғаныс министрі «Батыр арулар» байқауының жеңімпаздарына диплом мен естелік сыйлықтарын табыстады

21.07.2015
ҚР Қорғаныс министрі «Батыр арулар» байқауының жеңімпаздарына диплом мен естелік сыйлықтарын табыстады

Байқауға қатысуға өтініш берген сәттен бастап салтанатты рәсімге дейін көптеген аруларға ауыр саналатын сынақтардан қыз-келіншектер мүдірмей өткен. Олар оқ атып, гранаталар лақтырып, барлық кедергілерді еңсерді, өзеннен жүзіп өтіп, қуатты жауынгерлік машиналарды жүргізген.

Шара қазақстандықтардың ғана емес, басқа да ел тұрғындарының қызығушылығын туғызған. Дауыс беруге Ресей, АҚШ, Германия, Индонезия және Үндістан елдерінің интернет пайдаланушылары да қатысқан.

Нәтижесінде бірнеше сынақтардан мүдірмей өтіп, өздерінің жауынгерлік әзірлігін, шыдамдылығы мен мықтылығын дәлелдеген Қазақстан Қарулы Күштерінің лайықты өкілдері саналатын 12 жеңімпаз анықталды.

Естеріңізге сала кетсек, «Батыр арулар» ҚР ҚК әскери қызметші қыз-келіншектері арасындағы бірінші республикалық байқау. Аталған сайысқа қазақстандық армияның барлық өкілдері қатысы алады.

Хабарламаларға жазылу