Қорғаныс министрі әскери қыз-келіншектер арасында өткен «Батыр арулар» байқауының жеңімпаздарын марапаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қорғаныс министрі әскери қыз-келіншектер арасында өткен «Батыр арулар» байқауының жеңімпаздарын марапаттады

21.07.2015
Қорғаныс министрі әскери қыз-келіншектер арасында өткен «Батыр арулар» байқауының жеңімпаздарын марапаттады

Қарулы Күштердің әскери қызметші қыз-келіншектері арасында өткен «Батыр арулар» І республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Қазақстан әскерінің үздіктерін Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов құттықтады.

«Батыр арулар» байқауы Отан алдындағы қызметінде ер-азаматтармен тең дәрежеде иық тіресіп келе жатқан әскери қызметші қыз-келіншектерді табуға және олардың қызметі туралы білуге мүмкіндік берді», - деді министр.

Қатысуға өтініш берген сәттен бастап салтанатты рәсімге дейін қыз-келіншектер аруларға ауыр саналатын түрлі сынақтардан мүдірмей өтті.

 

Нұргүл САҒИТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу