Жеңіс Туының көшірмесі Қазақстан Қарулы Күштерінің мұражайына тапсырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеңіс Туының көшірмесі Қазақстан Қарулы Күштерінің мұражайына тапсырылды

29.12.2015
Жеңіс Туының көшірмесі Қазақстан Қарулы Күштерінің мұражайына тапсырылды

Мұражай қорына 1941-1945 жылдардағы соғыстың басты жәдігері - Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстатқа тіккен Жеңіс Туының көшірмесі берілді, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

Өткен аптада Мәскеудегі ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы шеңберінде РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовке Жеңіс Туының төлнұсқасын табыстады.

Қазақстандық армияның тарихы үшін Тудың шежірелі мәні өте зор. Енді жәдігер ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи мұражайында лайықты орын табады.

Хабарламаларға жазылу