«Батыр Арулар-2016» байқауында дауыс бергендер саны 41 мыңнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Батыр Арулар-2016» байқауында дауыс бергендер саны 41 мыңнан асты

05.04.2016
«Батыр Арулар-2016»  байқауында  дауыс бергендер саны  41 мыңнан асты
  «Батыр Арулар-2016»  байқауында  дауыс бергендер саны  41 мыңнан асты

1 сәуір күні басталған «Батыр Арулар-2016» байқауына қатысып жатқан үміткерлерге бес тәуліктің ішінде 41 мыңнан астам адам дауыс беріп үлгерді. 80 үміткер бақ сынап жатқан байқаудың қорытындысы маусым айында шығарылады. Дауыс беру 31 мамырда аяқталуы тиіс.

Қорғаныс министрлігінің ресми сайтындағы дауыс беру көрсеткіші биыл рекордтық деңгейге жетіп отыр. Дауыс беру кезінде бір IP мекен-жайдан бір-ақ рет таңдау жасауға мүмкіндік беріледі. Әзірге ең көп дауыс жинағандардың қатарында сайт оқырмандарының 2400 ден астамының көңілін баураған қатысушы бар. Дегенмен, дауыс беру процесі үздіксіз жүріп жатыр.

  «Батыр Арулар-2016»  байқауында  дауыс бергендер саны  41 мыңнан асты

«Батыр Ару» байқауы биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Өткен жылы байқауға 123 жауынгер қыз-келіншек қатысқан болатын. Былтырғы байқауда жалпы саны 255725 дауыс беріліпті. Алайда, бұл көрсеткіш он-лайн дауыс беруге бөлінген 40 күн ішінде жүзеге асқан болатын. Ал, биыл алғашқы бес күннің өзінде берілген дауыстар саны 41 мыңнан асып кетті. Дауыс бергендердің қатарында Ресей, АҚШ, Германия, Индоноезия, Үндістан тәрізді бірқатар шетелдерден сайтқа кіріп, өз таңдауын жасағандар болды. Бұл үрдіс биыл да жалғасуы мүмкін.

Жалпы, «Батыр Арулар» байқауын Қорғаныс министрлігі ұйымдастыруда. Бұл байқау әйелдер арасында әскери қызметтің мәртебесін көтеру мақсатын көздейді.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу