Аймақ басшысы Ерік Сұлтанов тұрғын үйлердің құрылыс алаңдарындағы жұмыс барысымен танысқан. «Мұнда құрылыс биылғы жылдың басынан басталды. Алайда, оны желтоқсан айында-ақ аяқтау жоспарлануда. Жаңа 9-қабатты үйлерде бір, екі және үшқабатты пәтерлер болады»,-дейді әкім.
«Руслан сервис ЛТД» ЖШС-нің бас мердігерінің өкілі (Астана қаласы) – Олжас Сапаровтың айтуынша, көпқабатты үйлерді салу жағынан компанияның тәжірибесі жеткілікті және құрылысты уақытында бітіруге қажетті материалдар да оны жүзеге асыратын жұмысшыларда да бар. «Қазіргі таңда аталмыш бөлікте үйдің іргетасы қаланып, енді оның діңгектерін қағуға дайындық жұмыстары жүріп жатыр»,-деді ол.
strategy2050.kz