Оралдағы жаңа ықшамауданда 76 үй салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралдағы жаңа ықшамауданда 76 үй салынады

04.09.2023

Орал қаласындағы жаңа «Ақжайық» ықшамауданында 8 көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. Келешекте бұл аумақта 76 тұрғын үй бой көтереді деп жоспарланған. Оның 25-і бюджет қаражаты есебінен салынады. Өзгелерінің құрылысын кәсіпкерлер қаржыландырады. Соңғы екі жылда мұнда су, жарық, газ бен жылу желілері салынды. Үш мектеп, бірнеше балабақша, әкімшілік, өзге де мәдени-демалыс ғимараттарының құрылысы жоспарланған. Жаңа ықшамаудан 50 мыңдай тұрғынға шақталған. Жоба Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын көтеріп, баспанамен қамту туралы тапсырмасы аясында жүзеге асып жатыр. Биыл 26 шақырым жол құрылысының бірінші кезеңі басталды. Ол да жаңа үйлермен бірге келер жылы тапсырылады.

Асланбек Ибашев, қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:

150 орындық оңалту орталығы, кәріз-сорғы стансасы, су көтергіш стансасы және электр қосалқы стансасы, жылыту қазандығы қарастырылған жобада. Осы екі жылдың ішінде 11 үйдің құрылысы пайдалануға беріледі деген жоспар бар.

Хабарламаларға жазылу