Алматы облысында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр

17.02.2016
Алматы облысында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Бұл туралы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің 2015 жылғы қорытындысы және 2016 жылға арналған жоспарларына арналған Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың облыс тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуінде белгілі болды.

Жас отбасыларға арналған 2 жалдамалы үй, 41 кезекте тұрған азаматтарға арналған жалдамалы үй, 4 несиелік және 34 коммуналдық үйдің құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді.

Өңір басшысы өз есебінде биылғы жылы Ұлттық экономика министрлігімен бірлесе отырып, 20 мың шаршы метр жалдамалы үйдің, 36,7 мың шаршы метр несиелік үйдің және «Самұрық-Қазына» қатысуымен 21,3 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысын жүргізуді жоспарланғандығын атап өтті. Инженерлік жүйелерді жүргізуге 7,8 млрд. теңге бөлінеді.

Сонымен қатар, 9 тұрғын үй кешені бойынша 2 мың 590 үлескердің (95,7%) мәселесі шешілгендігі және «Өмірұзақ» кешенінің құрылысын бірінші жарты жылдықта аяқтап, 116 үлескердің мәселесін шешу жайы жоспарлануда. 

Хабарламаларға жазылу