Астанада мемлекеттік бағдарлама бойынша 1 833 пәтер тапсырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада мемлекеттік бағдарлама бойынша 1 833 пәтер тапсырылады

08.11.2014
Астанада мемлекеттік бағдарлама бойынша 1 833 пәтер тапсырылады

Қала басшысы Н.Тілендиев даңғылының оңтүстігінде, Қорғалжын тасжолы мен Бейсекова көшесінің қиылысында, Бейсекова мен Сығанақ көшелерінің, Байтұрсынов пен Жұмабаев көшелерінің, Иманов және Брусиловский көшелерінің қиылысында орналасқан көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің жағдайларын тексерді.

Астанада «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын жүзеге асыру кезінде жалпы ауданы 84,06 мың шаршы метрді құрайтын 1 581 пәтерлік 7 тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. 

Жыл соңына дейін жалпы ауданы 95,4 мың шаршы метрді құрайтын 1 833 пәтерлік 6 тұрғын үй кешені тапсырылады.

Ал, 2015 жылы жалпы ауданы 108,4 мың шаршы метрді құрайтын 1 937 пәтерді 10 көппәтерлік тұрғын үйдің құрылысы жалғасады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу