Бенни Хилл, Роуэн Аткинсон, Джим Керри актерлікке қалай келді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бенни Хилл, Роуэн Аткинсон, Джим Керри актерлікке қалай келді?

08.07.2015
Бенни Хилл, Роуэн Аткинсон, Джим Керри актерлікке қалай келді?

Бенни Хиллдің азан шақырып қойған есімі – Альфред Хоторн. Есімін менсінбеген Альфред сүйікті актері Джек Беннидің тегін лақап ат етіп алады. Ал, Бенни Хилл актерлікке қалай келді?

Бала күнінде ол дос-жарандарының бүкіл қылығын қайталаудан жалықпай, анасының құрбыларының айтқан әңгімелерін қағып алып, сол күйінде көшеге шығып, айнытпай салатын көрінеді.

Алайда, Бенни 16 жасқа келгенде әкесі үйінен қуып жібереді. Атасы талантты немересін қолдап, таныс әртістеріне немересі туралы айтады. Осылайша, сүт сатып жүрген бозбала бір-ақ күнде әртіс болып шыға келеді.
Көпшілікке Мистер Бинн ретінде танылған Роуэн Аткинсон ерекше юморы арқылы төрткүл дүниеге әйгілі актер. Бір қызығы, Мистер Бинн алғашқыда актер боламын, деп ойламаған.  

Ол инженердің оқуын оқиды. Саясаткер ағасының жолына түсуді де көздейді. Тек Ньюкасл университетінің электро инженерлік факультетінің магистратура бөлімінде оқып жүргенінде ғана сахнаға қызыға бастайды.

Ал, бала кезінен актер болуды армандаған Джим Керри өзіне актерлық қызметі үшін 10 миллион долларлық чек жазып алады.  Уақыт өте келе қиялдағы чек шындыққа айналды.

Әзіл-сықақ актерлері туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу