Диснеймен бірге! «Қазыналы ғаламшар» мультфильмін көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Диснеймен бірге! «Қазыналы ғаламшар» мультфильмін көріңіз

27.12.2015
Диснеймен бірге! «Қазыналы ғаламшар» мультфильмін көріңіз

Шатырда отырған16 жастағы Джим ғарышқа ұшатын кеменің апатқа ұшырағанын көреді. Сөйтіп, ол ажал аузында жатқан өзге ғаламшарлық қарақшы Билли Бонсты құтқарады.  

Апаттан  ауыр  жарақат  алған қарақшы қайтыс болады. Алайда, ол Джимге құлыпталған сандықшаны табыстап үлгереді.  

Сандықта  орамалға оралған түсініксіз кішкентай шар жатады. Бірер сәттен соң оған қарақшылар шабуыл жасайды.

Джим отбасылық достары дәрігер Дэлберт Доплердің үйіне жасырынады. Ол жерде шарды ашып көреді. Бір кезде қазыналы ғаламшарға жол көрсететін голографиялық карта пайда болады.

Осылайша Джим мен дәрігер Дэлберт сапарға аттанады. Олар қарақшыларға тойтарыс бере ала ма? Бүгін Ұлттық арнадан сағат 11:05-те «Қазыналы ғаламшар» мультфильмін көріңіз.

Хабарламаларға жазылу