Кәрім Мәсімов ағылшын саяхатшысы Томас Аткинсонның ұрпақтарымен кездесті (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәрім Мәсімов ағылшын саяхатшысы Томас Аткинсонның ұрпақтарымен кездесті (ФОТО)

25.07.2016
Кәрім Мәсімов ағылшын саяхатшысы Томас Аткинсонның ұрпақтарымен кездесті (ФОТО)

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов 168 жыл бұрын Қазақстанды зерттеген ағылшын саяхатшысы Томас Аткинсонның ұрпақтарымен кездесті.

«168 жыл бұрын Қазақстанды зерттеген ағылшын саяхатшысы Томас Аткинсонның ұрпақтарымен кездестім», деп жазды Үкімет басшысы твиттердегі парақшасында.

Кәрім Мәсімов ағылшын саяхатшысы Томас Аткинсонның ұрпақтарымен кездесті (ФОТО)

Т. Аткинсонның Қазақстанға алғашқы сапары 1847 жылы басталды. Ол Алтай арқылы оңтүстікке қарай Риддер, Өскемен қалаларына бағыт алып, Зайсан мен Арқанда болды, Көкпекті тауындағы монастырді көріп,  солтүстіктегі даланы аралады.

Өзінің екінші саяхатында, 1848 жылдың тамыз айында Т. Аткинсон жұбайы Люсимен бірге  қазіргі Солтүстік және Шығыс Қазақстанның аумағында болды. Сібірдің Алтай өлкесінен жолға шыққан олар Жоңғар Алатауының бойымен Зайсан және Алакөл көлдерін кесіп өтіп, Қапал бекетіне дейін жетті. 

Үшінші сапарымен Қазақстанда Т. Аткинсон 1852 жылы болды. Ол сол кезде солтүстік Моңғолия мен солтүстік Жоңғар арқылы шығыстан келді, одан соң Қапалға оралып, Текеліге және оңтүстікке Іле өзеніне дейін барды.

Кәрім Мәсімов ағылшын саяхатшысы Томас Аткинсонның ұрпақтарымен кездесті (ФОТО)

Т. Аткинсон қазіргі Қазақстанның аумағындағы өзінің осы үш саяхаты туралы екі шығармасында: «Шығыс және Батыс Сібір» (1858 ж.) және «Жоғары және Төменгі Амур аймағына саяхат» (1860 ж.) атты кітаптарында егжей-тегжейлі жазды.

Ал, Люси Аткинсон өз сапарлары туралы «Татар даласы туралы естеліктер» атты кітап жазды. Бұл кітап 1863  жылы  Т. Аткинсон өмірден өткен соң жарыққа шықты. Кітапта дала көшпенділерінің тұрмыс-тіршілігі мен ұлы туғаннан кейін ана ретінде оған көрсетілген зор құрмет кеңінен баяндалған.

Өзінің саяхаттары кезінде Т. Аткинсон 600-ге жуық сурет салған.

Кәрім Мәсімов ағылшын саяхатшысы Томас Аткинсонның ұрпақтарымен кездесті (ФОТО)

Кәрім Мәсімов ағылшын саяхатшысы Томас Аткинсонның ұрпақтарымен кездесті (ФОТО)
2015 жылдың қараша айында қазақстандық тараптың қолдауымен Лондонда Ник Филдингтің «Оңтүстікке Ұлы далаға сапар: Томас пен Люси Аткинсонның 1847-1852 жылдардағы Шығыс Қазақстанға сапары» атты кітабы жарыққа шықты.

Хабарламаларға жазылу