Айсұлу Әділбекова – «Университет аруы – 2015» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айсұлу Әділбекова – «Университет аруы – 2015»

31.03.2015
Айсұлу Әділбекова – «Университет аруы – 2015»

Алматы университетінде «Университет аруы – 2015» байқауы өтті. Байқауға қатысқан  тоғыз бойжеткен тоғыз түрлі сынақ бойынша сынға түсті.

Барлық сыннан сүрінбей өткен «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының I курс студенті Айсұлу Әділбекова жеңімпаз атанды.

Ал, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенті Айдана Шылмұрзаева I орынды иемденсе, II орынды Күлсінай Зарипова мен Жансая Исахан өзара бөлісті. III орынды Ақерке Бейсенғали мен Гүлжахан Мырзабекова иемденіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Фото:  Сәбит Шілдебай

Хабарламаларға жазылу