Шымкентте «Көктем аруы - 2015» байқауының жеңімпазы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте «Көктем аруы - 2015» байқауының жеңімпазы анықталды

10.03.2015
Шымкентте «Көктем аруы - 2015» байқауының жеңімпазы анықталды

Шымкентте 8 наурыз – әйелдер мерекесіне орай «Көктем аруы - 2015» байқауы ұйымдастырылды. Байқауда 13 ару бақ сынады. Байқаудың мақсаты - қазақ қызының бейнесін ашу және ұлттық салт-дәстүрімізді жастар арасында насиxаттау.

Байқаудың бас жүлдесін  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Нұсқабай Назерке Ерxанқызы иеленсе, 1-орынға Оңтүстік Қазақстан политеxникалық колледжінің студенті Мырзаxметова Айгерім Сайынқызы лайық деп танылды. 2-орынға 5 колледж студенті Тұрар Жанар Бағдатқызы тұрақтаса, 3-орынға М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Тортай Қазына Асқарбекқызы жайғасты. 

Хабарламаларға жазылу