17 жастағы студент қыз «Талдықорған аруы» атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

17 жастағы студент қыз «Талдықорған аруы» атанды

16.06.2014
17 жастағы студент қыз «Талдықорған аруы» атанды
Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында «Талдықорған аруы-2014» атты жыл сайынғы сән мен өнер байқауының ақтық сыны өтті. Финалға шыққан 16 қыздың ішінде топ жарып шыққан 17 жастағы студент Айдана Мажбек жеңімпаз атанды.
 
Биылғы байқауға қатысушылар өткен жылдармен салыстырғанда әлдеқайда көп болды. Облыстан 68 қыз өтінім берді, оның 16-сы финалға шықты. Айта кетейік, іс-шараның рейтингі 2012 жылы Талдықорған аруы болған Айнұр Төлеуованың «Қазақстан аруы» атанғанынан кейін өсе түсті.

Облыс аруы болған Айдана Мажбек І. Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университеті заң факультетінің І курсын тәмәмдаған. Оқудан тыс уақытта Айдана бимен шұғылданады.

 

 

Хабарламаларға жазылу