Павлодарда қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері арасында сұлулық байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері арасында сұлулық байқауы өтті

08.03.2015
Павлодарда қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері арасында сұлулық байқауы өтті

Павлодардағы АП-162/4 түзеу мекемесінің мәжіліс залында 8 наурыз – арулар мерекесіне орай қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері арасында «ҚАЖ аруы-2015» сұлулық байқауы өтті.

Байқауға 9 шенді ару қатысты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайты.

Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің шығармашылық шеберліктерін облыстық мәслихат депутаты Гүлнәр Нұрханова, «Дәрігерлер нашақорлыққа қарсы» қоғамдық қорының директоры Сергей Молчанов, облыстық «Қазақстан-Палводар» телеарнасының тілшісі Қуандық Танабас, Жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Салтанат Тұрарова, өңірдегі Ардагерлер кеңесінің өкілі Қазбек Иманқұлов бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша АП-162/2 түзеу мекемесі сотталғандармен тәрбие жөніндегі отрядтың басшысы, әділет майоры Данара Баймағамбетова «ҚАЖ аруы-2015» сайысының жеңімпазы атанды. Екінші орынға АП-162/4 түзеу мекемесі арнайы есеп бөлімінің басшысы, аға лейтенант Анна Воротова ие болды.

Үшінші орын жас маман, әділет сержанты Мәдина Нұрғалиеваға бұйырды. Сонымен қатар әділет лейтенанты Юлия Полицанова мен Әйгерім Жакина арнайы аталымдар бойынша марапатталды.

Хабарламаларға жазылу