Кәмила Темірова «Астана аруы - 2015» байқауының жеңімпазы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәмила Темірова «Астана аруы - 2015» байқауының жеңімпазы атанды

13.11.2015
Кәмила Темірова «Астана аруы - 2015» байқауының жеңімпазы атанды

Олардың төртеуі «Қазақстан аруы -2015» байқауында Астананың атынан өнер көрсетті.  Байқаудың төрт кезеңінің қорытындысы бойынша «Астана аруы  - 2015» атағын 21 жасар Кәмила Темірова жеңіп алды. Ол - Щучинск қаласының тумасы.

Байқаудың  бірінші вице-аруы - Бану Қадырханова, екіншісі - Гаухар Жұмағатова болды. Ал үшінші ару атағын Виктория Алексеева иеленді.

Бұдан бөлек, түрлі бренд өкілдері брйынша да аталымдар тағайындалды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Астана аруы» атағы үшін сайыста қыздар төрт түрлі байқау бойынша өнер  көрсетті. Олар: өзін таныстыру, сән үлгісі және ұлттық нақыштағы әшекейлерді көрсету, би өнері және кешкі топтаманы таныстыру.

Қатысушылардың қызығушылықтары жан-жақты болып шықты. Біреу балетпен, біреулері бимен әуестенсе, кейбіреулері музыкалық аспаптарда ойнауға бейім болып шықты. Көпшілігі шет тілдерін оқып үйренуде, саламатты өмір салтын ұстанады және бәрі де өздерінің жеңетініне сенеді.

Байқауды қазылар алқасының мүшелері бағалады, оның құрамында ҚР еңбек сіңірген қоғам қайраткері, этнолог, дизайнер Ханум Айдаш, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова, байқаудың директоры Ольга Радеш, Қазақстан футболының жұлдызы Бауыржан Жолшиев, танымал әнші Алмас Кішкенбаев, актриса, «Алматы аруы -2011» байқауының иегері Әлия Әнуарбек  және басқалар бар.

Еске сала кетейік, 2014 жылы Астананың бас аруы атағын семейлік Әсия Әбеиісова иеленген болатын. «Қазақстан аруы - 2015» ұлттық сұлулық байқауы астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында 10 желтоқсанда өтеді.


 

Хабарламаларға жазылу