Атырауда «Достық аруы - 2015» байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда «Достық аруы - 2015» байқауы өтті

10.11.2015
Атырауда «Достық аруы - 2015» байқауы өтті
Сайысқа татар, өзбек, орыс, түрік секілді оннан астам этнос өкілдері қатысты.

Атырауда «Достық аруы - 2015» атты байқау өтті. Конкурстың ерекшелігі сол, шараға қатысатын аруларды іріктеу кезінде олар әртүрлі ұлыс өкілдерінен болуы міндеттелді.

Сайысқа татар, өзбек, орыс, түрік секілді оннан астам этнос өкілдері қатысты. Жарыстың шарты бойынша олар өз салт-дәстүрлерін, ұлттық тағамдарын таныстырды. Сондай-ақ, тек мемлекеттік тілде сөйлеп, отансүйгіштік, патриоттық сезімдерін де анық байқатты.

Шараны ұйымдастырушылар болса, бұл байқауды алдағы уақытта республикалық деңгейде өткізуді жоспарлап отыр.

Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу