FILA атауы өзгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

FILA атауы өзгерді

07.09.2014
FILA атауы өзгерді

Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында еркін және грек-рим күресі бойынша өтетін Әлем чемпионатының алдында Халықаралық күрес түрлері федерациясының кезекті конгресі өтті.

Конгресте көтерілген негізгі мәселе – Халықаралық күрес түрлері федерациясының атауын өзгерту болды. Көпшіліктің қолдауы бойынша енді FILA атауы UWW (United World Wrestling  - Дүниежүзілік күрес ұйымы) деп аталатын болды.

Естеріңізге сала кетейік, күрестен Әлем чемпионаты ертең басталады. Онда әлемнің 90 елінен 800-ге жуық палуан 24 салмақ бойынша бақ сынайды.

Хабарламаларға жазылу