Өскеменде 23 көшенің атауы өзгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде 23 көшенің атауы өзгерді

10.07.2018

Қалалық әкімдік жанынан құрылған Қоғамдық кеңес отырысында көшелер мен орталықтағы  саябақтардың атын өзгерту мәселесі қызу талқыланды. Жиырмадан астам көшеге тек қазақ халқының ғана емес, өзге ұлт өкілдері зиялыларының да есімдері берілді. Мәселен, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Қасым Қайсенов, Лев Толстой есімдері бар. Жалпы, өңірде 700-ден астам көшенің тек 20 пайызы қазақшаланған. Қалған көшелер тарихта есімдері  мүлде белгісіз адамдардың атымен аталып,  тіпті, мағынасыз атауларды иеленген.   

Әлібек Қаңтарбаев, Қазақстан Жазушылар одағы ШҚО филиалының директоры:

- Біз «Рухани жаңғыруды» жаңғыртуымыз керек. Қазақтың өз дүниесін өзіне қайтарып беру керек. Міне, қазіргі дау осының төңірегінде. Біздің басқа этностар осыны түсіну керек. 

 

Айдана ДАЙЫРОВА

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу