Оралда 57 көшенің атауы өзгерді

09.01.2019

Бұрын тек сандармен белгіленген немесе мән-маңызы жоқ, идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулар жаңаша түрленді. Мәселен, нөмірі 4-ші, 6-шы, 15-ші деп таңбаланған көшелер Нұрғиса Тілендиев, Фариза Оңғарсынова, Асқар Сүлейменов атын иеленді. Ондаған көшеге ақын-жазушылар, тарихи тұлғалармен қатар, жер-су атаулары да берілді. Мәселен, Речная – Ертіс, Электрическая – Қарқаралы, Белая казарма - Ақбақай деп өзгертілді.

Асылбек Бисекенов, облыстық Тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы:

- 2018 жылы облыс бойынша 461 көшеге жаңа атаулар берілді. Оның ішінде 270 көше идеологиялық тұрғыдан ескірген көшелер болып саналады. Ал, Орал қаласы бойынша 2018 жылы 231 көшенің атауы өзгертілген болса, оның 135-і идеологиялық тұрғыдан ескірген болып есептеледі.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу